Олар елден кешірім сұрады
Алматыда өздігінен сырғанайтын құрылғыны тыр жалаңаш теуіп жүрген қыз бен жігіт ұсталып, қамауға алынды.
Оларды Алматы қаласы арнайы мамандандырылған ауданаралық соты 10 тәулікке қамады. Қамауға алынған қыз 1997 жылы туған болса, жігіт 2003 жылғы болып шықты. Сонымен бірге оларды видеоға түсірген азаматтарға да қатысты үкім жарияланды. «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі мен көлікте отырып таспаға түсірген қыз да 10 тәулікке қамалды.
Тыр жалаңаш сырғанайтын құрылғыны тепкен қыз бен жігіт елден кешірім сұрады.