Оның айтуынша, жұмыс істейтін жастағы азаматтардың көбінің еңбек өтілі жоқ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жасы 70-тен асқанша жұмыс істей бергісі келеді.
Биыл зейнетке әйелдер 60,5 жасында, ер-азаматтар 63 жасында шығып жатыр. Осы мәселені аналар да көтеріп келеді. Бұған дейін де қоғам мүшелерімен кездесіп, атап көрсеттім. Бізде 50-60 жасқа дейін 967 мың азамат зейнетке шығады. Оның 50 пайыздан астамы – жұмыс істейтін азаматтар. Олардың еңбекақысы – 175 мың теңгеден жоғары, - деді минстр.
Оның айтуынша, жұмыс істейтін жастағы азаматтардың көбінің еңбек өтілі жоқ. Егер олар зейнетке шықса, базалық зейнетақы ғана ала алады. Осы орайда Тамара Дүйсенованың өзі жұрт сияқты зейнетке шығуға асықпайтынын алға тартты.
«Мүмкіндігім болса, 72 жас та жақсы деп отырмын. Жұмыс істей алсам, неге зейнетте отыруым керек? Зейнетке қай уақытта шығу керек болса, сол уақытта шығамын. Одан кейін мүмкіндігім болса, қоғамдық жұмыс болса да өз отбасыма жұмыс істеуге дайынмын», - деді Тамара Дүйсенова.