Halyq Uni логотип
×

Қазақстандықтардың 90%-дан астамы мемлекеттік тілді біледі – зерттеу

Бүгінде елімізде шамамен қазақ тілін үйрететін 600 жеке орталық бар

 Дәурен Ерболат 22.07.2022 | 10:32
Қазақстандықтардың 90%-дан астамы мемлекеттік тілді біледі – зерттеу
Фото: ztb.kz

Қазақстандықтардың 90%-дан астамы мемлекеттік тілді меңгерген, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Тәуелсіз әлеуметтік зерттеу нәтижесінде еліміздегі тұрғындардың 90%-дан астамының қазақ тілін білетіні анықталған.

Оның 20%-ы өзге ұлт өкілдері. Олардың арасында алыс шетелден көшіп келгендер де аз емес.

Былтыр 50 мыңнан аса адам қазақ тілі курсына жазылған.

Айта кетейік, осыған дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров қазақстандықтардың басым бөлігі теледидарға сенетінін айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама