×

«Генерал» бұрын сотталған адамды 10 млн теңге пара беруге итермелеген

Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды

 Динара Амантай 22.07.2022 | 09:41
Фото: qazaly.kz

Жалған генерал бұрын сотталған адамды сот жүйесінің лауазымды тұлғаларына пара беруге итермелеген.  Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі хабарлады.

20 шілдеде Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен өзін әскери генерал деп таныстырған А. Әмрин жазасын орта қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Әмрин ысырап ету фактісі бойынша сотталушыны Семей гарнизонының Әскери сотының ақтау үкімін шығаруға сот жүйесінің лауазымды тұлғаларына 10 миллион теңге көлемінде пара беруге итермелегені және алаяқтық әрекеті үшін кінәлі деп танылды, – делінген хабарламада.

Бұрын сотталған азамат та пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды. Үкімдердің жиынтығын ескере отырып, сот оған орташа қауіпсіз мекемеде жазасын өтеуге 8 жыл бас бостандығынан айыруды тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама