Halyq Uni логотип
×

Елімізде қарапайым еңбеккерлерге арналған тағы бір мерекелік дата пайда болады

Бұл күн КСРО-да 1966 жылдан бастап шілде айының төртінші жексенбісінде тойланып келді

 Еркеғали Болатұлы 21.07.2022 | 14:44
Елімізде қарапайым еңбеккерлерге арналған тағы бір мерекелік дата пайда болады
фото: ашық дереккөз

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасындағы мерекелер тізіміне толықтырулар әзірледі. Осылайша мерекелер тізімінде жаңа кәсіби мереке пайда болады.

Атап айтқанда, 16 сәуір – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің күні. Айта кетсек, бұл күн КСРО-да 1966 жылдан бастап шілде айының төртінші жексенбісінде тойланып келді және ТМД-ның біраз елінде әлі бар. Соның ішінде Ресей, Беларусь, Украина және Өзбекстанда сақталған.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, бұл мерекенің белгіленуі осы салаға ардагерлерді алмастыратын жас мамандар мен жоғары білікті инженерлердің келуіне, сонымен бірге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері мамандығының беделін және олардың кәсібилігін, жұмысқа деген мақтанышын арттыруға ықпал етеді.

Қаулы жобасы 2 тамызға дейін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама