Halyq Uni логотип
×

Астанада 11 ұрлыққа қатысы бар ер адам ұсталды

Күдікті жатақхана тұрғындарын тонаған

 Динара Амантай 21.07.2022 | 14:04
Астанада 11 ұрлыққа қатысы бар ер адам ұсталды
Фото: Halyq Uni

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасаған 43 жастағы күдіктіні ұстады. Бұл туралы ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу барысында қаскүнем таңғы уақытта Қарталы көшесіндегі жатақхана бөлмесіне еркін кіріп, иелерінің ұйықтап жатқанын пайдаланып, Samsung телефонын жасырын ұрлап кеткені анықталды.

Белгілі болғандай, ер адам жатақханаларда бірнеше рет ұрлық жасаған. Ол бөлме тұрғындарының жұмысқа кетіп бара жатып, есіктерін ашық қалдырып кеткенін күтіп, сол сәтті пайдаланған.

Бүгінгі таңда оның елордадағы осыған ұқсас ұрлықтың 11 эпизодына қатысы бары анықталды. Қаскүнем қылмыстық жолмен тапқанын ұялы телефон сатып алушыларға немесе белгісіз адамдарға сатып жіберген, – делінген хабарламада.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды, өз кінәсін мойындады. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама