Тоқаев кедендік шекарада кешенді тексеру жүргізуді және тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырған еді
Қаржы министрлігі мен Қазақстан теміржолы Қорғас арнайы экоомикалық аймақта сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларымен кездесті.
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев және «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев «KTZE-Khorgos Gateway» құрлық портының, «Нұр жолы» мен «Алтынкөл» өткізу пунктерінің жұмысын тексерді.
Жұмыс сапары барысында сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларымен кездесу өтіп, онда қазақстандық-қытайлық шекарадағы бизнес жүргізудің ашықтығын арттыру мәселелері талқыланды.
Сапар қорытындысы бойынша Достық және Алтынкөл шекара маңындағы теміржол станцияларының басшылары қызметінен босатылды, – деді ҚТЖ.
Атап өтсек, президент кедендік шекарада кешенді тексеру жүргізуді әрі тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырған болатын.