Halyq Uni логотип
×

Шекара маңындағы екі теміржол станциясының басшылары қызметінен кетті

Тоқаев кедендік шекарада кешенді тексеру жүргізуді және тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырған еді

 Қымбат Елтайқызы 27.01.2022 | 17:30
Шекара маңындағы екі теміржол станциясының басшылары қызметінен кетті
фото: Halyq Uni

Қаржы министрлігі мен Қазақстан теміржолы Қорғас арнайы экоомикалық аймақта сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларымен кездесті.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев және «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев «KTZE-Khorgos Gateway» құрлық портының, «Нұр жолы» мен «Алтынкөл» өткізу пунктерінің жұмысын тексерді.

Жұмыс сапары барысында сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларымен кездесу өтіп, онда қазақстандық-қытайлық шекарадағы бизнес жүргізудің ашықтығын арттыру мәселелері талқыланды.

Сапар қорытындысы бойынша Достық және Алтынкөл шекара маңындағы теміржол станцияларының басшылары қызметінен босатылды, – деді ҚТЖ.

Атап өтсек, президент кедендік шекарада кешенді тексеру жүргізуді әрі тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама