Halyq Uni логотип
×

«Бұл популистік шара емес». Сәтқалиев «Самұрықтағы» қысқарту жайлы айтты

Қор төрағасы бұған дейін немқұрайлық пен қамқорлыққа байланысты заң бұзушылықтар болғанын мойындады

 Айнұр Шошаева 27.01.2022 | 17:15
«Бұл популистік шара емес». Сәтқалиев «Самұрықтағы» қысқарту жайлы айтты
коллаж: Halyq Uni

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев портфельдік компаниялардағы сатып алуға жауапты басшылардың қысқаруына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Сәтқалиев қорда өте маңызды реформа басталғанын, оның нәтижесінде абыройлы немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен байланысты функцияларды іске асыратын лауазымдар шеңбері белгіленгенін атап өтті.

Біз келіп түскен барлық ескертуді талдадық және бірінші кезеңде директорлар кеңестері мен компания басшыларына сатып алу мәселесіне байланысты барлық басшыны лауазымдарынан босатуды ұсындық. Бұл популистік шара емес. Мен кез келген заң бұзушылықтардың негізінде адами фактор жатыр деп айтқан болатынмын. Бизнес пен қоғам тұрғысынан қазірдің өзінде жағымсыз тұлғаларды жұмыстан шығару туралы ұсыныстар айтылды. Қазір бізде әлеуметтік желілер өте белсенді. Көптеген тұлғалар бойынша тиісті оң реакция болды, - деді Алмасадам Сәтқалиев сатып алу мәселелері жөніндегі онлайн-кеңес барысында.

Оның айтуынша, осылайша қор барлығына бұрын орын алып келген салғырттық пен немқұрайлық енді жұмыс істемейтінін түсіндіреді. 

«Қор деңгейінде біз барлығына бұрын орын алған заң бұзушылықтар, салғырттық, қамқорлық қазір жұмыс істемейтінін анық түсіндіреміз. Біз орталық кеңсеге, біздің корпоративтік орталыққа қатысты осындай күрделі шешімдер қабылдадық. Сондықтан, менің ойымша, сіздер тексерулердің тиімділігі арта түсетінін көресіздер, орындау тәртібі де, жергілікті жерде байланысты барлық нәрсе өзгереді», - деп қосты ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама