Бүгінде 12 мыңнан астам науқас аурудан емделіп жатыр
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын өсіп жатыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте СOVID-19 жұқтырудың 2257 дерегі тіркелді:
Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1 323 710-ға жетті.
Сондай-ақ 838 адам COVID-19-дан айықты:
Елімізде барлығы 1 297 761 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
21 шілдедегі мәлімет бойынша 12 410 адам коронавирустан емделіп жатыр.
Олардың ішінде 1 099 пациент стационарда, 11 311 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 23 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, кеше елорда мен Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өскен еді.