Қазақстанда бір күнде 2 мыңнан аса адам СOVID-19 жұқтырды
Бүгінде 12 мыңнан астам науқас аурудан емделіп жатыр
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын өсіп жатыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте СOVID-19 жұқтырудың 2257 дерегі тіркелді:
- Нұр-Сұлтанда – 642,
- Алматыда – 650,
- Шымкентте – 145,
- Ақмола облысында – 38,
- Ақтөбе облысында – 30,
- Алматы облысында – 82,
- Жетісу облысында – 78,
- Атырау облысында – 44,
- Шығыс Қазақстан облысында – 22,
- Абай облысында – 15,
- Жамбыл облысында – 86,
- Батыс Қазақстан облысында – 39,
- Қарағанды облысында – 188,
- Ұлытау облысында – 24,
- Қостанай облысында – 29,
- Қызылорда облысында – 69,
- Маңғыстау облысында – 19,
- Павлодар облысында – 19,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 16,
- Түркістан облысында – 22.
Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1 323 710-ға жетті.
Сондай-ақ 838 адам COVID-19-дан айықты:
- Нұр-Сұлтанда – 167,
- Алматыда – 508,
- Шымкентте – 52,
- Алматы облысында – 33,
- Атырау облысында – 7,
- Шығыс Қазақстан облысында – 12,
- Қарағанды облысында – 43,
- Ұлытау облысында – 1,
- Қызылорда облысында – 11,
- Павлодар облысында – 1,
- Түркістан облысында – 3.
Елімізде барлығы 1 297 761 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
21 шілдедегі мәлімет бойынша 12 410 адам коронавирустан емделіп жатыр.
Олардың ішінде 1 099 пациент стационарда, 11 311 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 23 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, кеше елорда мен Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өскен еді.