×

Қаңтар оқиғасы бойынша істі болған төрт сотталушы сот залында босатылды

Олар билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолданды деп айыпталды

 Қанат Атаманов 21.07.2022 | 08:31
Фото: tengrinews.kz

Қостанай қаласының №2 сотында қаңтар оқиғалары туралы іс бойынша үкім жарияланды. Төрт сотталушы – Әмірбек Анурханов, Ерназар Рамазан, Дамир Абулов және Андрей бурдюк 5 қаңтарда Қостанайда ер адамдар жаппай тәртіпсіздікке ұласқан санкцияланбаған митингке қатысқа болатын. Сондай-ақ, олар билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолданды деп айыпталды.

19 шілдеде сот залында қорғаныс және айыптау тараптары арасында іс жүргізу келісіміне қол қойылды. Осы келісімнің шарттары бойынша сотталушылар кінәсін толық мойындайды және жасаған әрекеті үшін көпшілік алдында кешірім сұрайды.

Ал 20 шілдеде сот үкімі жарияланды.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 381-398-баптарын басшылыққа ала отырып, сот Анурханов, Рамазан, Абулов және Бурдюкті ҚР Қылмыстық кодексі 271 бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, әрқайсысына 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындасын. ҚР ҚК 63-бабы негізінде тағайындалған жаза шартты түрге ауыстырылып, сотталушылар уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарламай тұрақты тұратын, жұмыс істейтін, оқитын жерін өзгертпеуге міндеттелсін. «Күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы «ешқайда кетпеу туралы қолхатқа» өзгертілсін. Тәуліктің түнгі уақытында тұрғын үйден шықпауға, уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарламай басқа жерлерге шықпауға. Сотталған Анурханов, Рамазан, Абулов және Бурдюк сот залындағы қамаудан дереу босатылсын, - деп үкім шығарды судья.

Айыпталушылардың қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысуы іс материалдарымен дәлелденген. Процессуалдық келісім заңға сәйкес келеді. Сотталушылардың кінәсі толығымен мойындалды.

Сондай-ақ, жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеулері тиіс.

Айта кетсек, бүгінгі күні сотталушылар барлық залалды өтеді. Ол 399 375 теңгені құраған болатын. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама