Ақмола облысының тұрғыны болашақ енесінің 900 мың теңгесін ұрлады
Заттай дәлелдемелер, атап айтқанда ақшалай қаражат алынып, өтініш берушіге қайтарылды
Атбасар аудандық Полиция бөліміне жасалған қылмыс туралы өтінішпен 70 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Зейнеткер полицейлерге 18 шілде күні белгісіз адамның үйінен 400 мың теңге және 1185 еуро ұрлағанын хабарлады. Шығын сомасы 900 мың теңгені құраған.
Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы оқиға орнынан саусақ іздерін алып, учаскелік инспектор Қанат Шәмшуәлиев ықтимал куәгерлерден жауап алды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол жәбірленушінің 32 жастағы болашақ келіні. Қаскүнем бұл әрекетті мойындады, - деп хабарлады полиция бөлімі.
Заттай дәлелдемелер, атап айтқанда ақшалай қаражат алынып, өтініш берушіге қайтарылды.
Полиция ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі («ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.