×

Теңіз кенішінде 33 жұмысшы тамақтан уланып қалды

Адам шығыны жоқ, уланған жұмысшылардың қазіргі жағдайы айтылды

 Айнұр Асылбекқызы 20.07.2022 | 21:04
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Теңіз кен орнында «Консорциум «ISKER» ЖШС-ның 33 жұмысшысы тамақтан уланып қалды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жұмысшылар Теңіз кен орнындағы «КазПромСтройИнжиниринг» ЖШС-ның асханасында түскі үзіліс кезінде уланған. Артынша денсаулығы нашарлап, медициналық көмекке жүгінген.

Олардың үштен бірі «Теңізшевройл» ЖШС емхансына жатқызылды. Қалған жұмысшылар алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін қайтарылған. Оларға «орта дәрежедегі диарея» деген диагноз қойылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама