Полицейлер әйелдің кім екенін анықтады
Кеше әлеуметтік желіде «Қызылорда облысы прокурорының әйелі күзетшіге қоқан-лоққы жасады» деген ақпарат тараған болатын. Осы ақпарат бойынша Шымкент қаласының Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына «Күзет» қызметкерінен 15 шілде күні сағат 14.00-де ЖШС ғимаратында күзетшілерге тіл тигізген белгісіз қызды жауапкершілікке тарту туралы арыз түскен.
Полицейлер әйелдің кім екенін анықтады. Ол – 1984 жылы туған жергілікті тұрғын. Бұрын Д.-ға тұрмысқа шыққан, ал ол прокуратура қызметкері емес. Қазір әйел ресми түрде некеде тұрмайды, – деп түсіндірді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицейлер Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша әйелді әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдайды.
Біз бұған дейін Қызылорда облысы «прокурорының әйелі» дөрекілікке барғаны туралы жазған болатынбыз.