Облыс әкімдігі аталған жағдайға қатысы қызметтік тексерістің жүргізілетінін жеткізді
Алматы облысында мас болып, ен далада қалған ауыл әкімін тұрындар тауып алды деп хабарлады Azattyq Ruhy.
Тілі күрмеліп, әзер сөйлеп тұрған адам Райымбек ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округінің әкімі Роман Қойлыбаев болып шықты. Оның көлік жүргізуге шамасы келмегенге ұқсайды.
Өзін тас қараңғыда даладан тауып алған тұрғындарға әкім «зарядкасының өшіп қалғанын» айтып, көмек сұраған.
Облыс әкімдігі аталған жағдайға қатысы қызметтік тексерістің жүргізілетінін жеткізді. Ал ауыл әкімі Қойлыбаевтың өзі келеңсіз қылығын түсіндіріп бере алмады.
Айта кетсек, Роман Қойлыбаев Жамбыл ауылдық округін 2018 жылдан бері басқарып келеді.