Қасым-Жомарт Тоқаевты қырғыздар бауырсақпен қарсы алды
Мемлекет басшысы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV консультативтік кездесуіне қатысады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстандағы Шолпан-Ата қаласына келді. Бұл туралы Telegram-дағы Борт №1 арнасы хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайдан Қырғыз Республикасы министрлер кабинетінің төрағасы – президент әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Қырғыз Республикасы Транспорт министрі Эркинбек Осоев, Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нуран Ниязалиев қарсы алды.
Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV консультативтік кездесуі ертең өтеді.
Жиында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан көшбасшылары әлемдегі қазіргі геосаяси және экономикалық ахуалға байланысты өңірлік интеграцияның перспективаларын қарастырмақ.
Саммит қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қойылады.