×

Президент Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Онда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қайта құру және нығайту шаралары қаралды

 Халық үні 27.01.2022 | 15:50
фото: Ақорда

Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Онда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қайта құру және нығайту шаралары қаралды.

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қазір елдегі ахуал толығымен тұрақталғанын және құқықтық тәртіп қайта қалпына келгенін атап өтті. Тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің қорғалу деңгейін арттыру үшін барлық шара қабылданып жатыр.

Президент барлық мемлекеттік орган өткен оқиғадан сабақ алуға тиіс екенін айтты. Жаңғыртылған ұлттық қауіпсіздік жүйесі сын-қатердің кез келген қиындығына төтеп беруге дайын болуы қажет.  

Бұдан былай қылмыстық топтар мен террористер қалаларымызды басып алып, азаматтар мен олардың отбасыларының бейбіт өміріне қол сұғып, мемлекеттілігімізге қауіп төндірмеуі үшін шаралар қабылдауға міндеттіміз. Ұлттық қауіпсіздік жүйесін қайта құру ісінің мақсаты да осы, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қауіпсіздік кеңесінің басшысы қауіпсіздікке жауап беретін барлық құрылымның өз жұмыстарын өзгертуі керек екенін атап өтті. Бұл ретте, олардың өзара іс-қимылдары барынша теңгерімді болуға тиіс.

Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздіктің барлық бағытын нығайту жөніндегі нақты шараларды кешіктірмей жүзеге асыруға кірісуді тапсырды. Қауіпсіздік кеңесі отырысының барысында ұлттық қауіпсіздік жүйесін реформалауға бағытталған нақты шешімдер қабылданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Қазақстан алдағы онжылдықта ауызсу тапшылығы қаупі өте жоғары елдер тобына кіреді

Қазір 2 миллиард адам таза суға жете алмай отыр
26.03.2023 | 14:20

Оралдық оқушы кішігірім құраммен мульттоптама түсіріп шықты

Алғашқы серияны түсіруге 6 ай уақыт кеткен
26.03.2023 | 13:55

Астанада өрт салдарынен көпқабатты 23 үй жарықсыз қалды

Жарық өртенген қондырғылар толық тексеруден өтіп болғаннан кейін бір-ақ беріледі
26.03.2023 | 12:00

Путин ядролық қаруды Беларусь аумағында сақтайтынын жасырмады

Мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға таусылған ураны бар оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болған
26.03.2023 | 11:23