«Казатомөнеркәсіп» 227 млрд теңге дивидендтер төледі

Динара Амантай

2021 жылы компания акционерлеріне 150 млрд теңге төлеген

Фото: Halyq Uni

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ 2022 жылғы 19 шілдеде дивидендтерін төлеуді аяқтады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында қабылданған шешімге сәйкес (2022 жылғы 27 мамырдағы №1 хаттама) дивидендтік төлемдердің жалпы сомасы 227 388 312 497,92 (екі жүз жиырма жеті миллиард үш жүз сексен сегіз миллион үш жүз он екі мың төрт жүз тоқсан жеті теңге 92 тиын) теңге мөлшерін немесе бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері (бір ЖДҚ бір жай акцияға тең) 876,74 теңгені құрады, – делінген хабарламада.

Айта кететін жайт, 2021 жылы ұлттық компания (2020 қаржы жылы үшін) өз акционерлеріне 150 миллиард теңгеден астам дивиденд төлеген еді.