1165 адам жазаланды: Табиғат аясында от жаққандарға қандай жаза көзделген
Жыл басынан бері 34 мың гектар өртенді
Жыл басынан бері Қазақстанда 394 орман және 22 дала өрті тіркелген. Оның жартысынан көбі адами фактордың салдарынан болды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, биыл елімізде тіркелген өрттің 43 пайызы табиғи құбылыстардан (найзағай) болған.
«Табиғи өрттер мен дала тұтануларының негізгі себептері: халықтың өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуы, от жағу, ауыл шаруашылығындағы өртеулер, минералдандырылған жолақтардың болмауы. Мәселен, тіркелген өрттің тек 43%-ы табиғи құбылыстардан, найзағай разрядтарынан туындаған, ал 50%-дан астамы адами фактордың нәтижесінде болды. Табиғи өрттер нәтижесінде өртену алаңы 34 мың гектардан асты», - деді министрлік.
Ведомство мәліметіне сәйкес, табиғи өрттен келтірілген материалдық шығын 361 млн 96 мың теңгені құрады. Сондай-ақ биыл дала өрті кезінде бір адам қайтыс болды.
«Осы жылдың өрт қауіпті кезеңінен бастап орманды дала алқаптары мен демалыс орындарында азаматтық қорғау, ішкі істер органдары, табиғат қорғау және орман мекемелері мен жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері 7427 бірлескен рейдтер өткізді. Рұқсат етілмеген өртеулер, ауыл шаруашылығы алқаптарында құрғақ шөпті бақылаусыз өртеу және басқа да өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 1 165 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп қосты ведомство.
Айта кетейік, министрлік құрғақ, ыстық және желді ауа райы тұрақты болған жағдайда қалаларда, ауылдық елді мекендерде және кәсіпорындарда, саяжай кенттерінде, бау-бақша учаскелерінде от жағуға рұқсат етілмейтінін еске салды. Отты ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 м қашықтықта жағуға рұқсат етіледі.
Заңгер Нұржан Рахметовтің айтуынша, заң бойынша отты тек рұқсат етілген жерлерде ғана жағуға рұқсат етіледі.
«Бұл талапты бұзғаны үшін жеке тұлғаға 10 АЕК айыппұл салынады. Егер ол – әрекетіңіз өртке әкеп соқса 25 АЕК айыппұл, сондай-ақ оған табиғатқа келтірілген шығын қосылуы мүмкін. Ал егер бұл бұзушылықтарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жол берілсе, 100 АЕК айыппұл салынады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға Баянауыл, Бурабай, Іле-Алатау, Катонқарағай, Тарбағатай, Шарын, Ұлытау және басқа да көптеген ұлттық парктер жатады. Бұл аумақтарға біздің елімізде артып жығылатын резерваттар мен қорықтар кіреді», – деді заңгер.
Сонымен бірге ол табиғатта от жағумен бірге, қоқысты тастауға тыйым салынғанын атап өтті.
«Орманда бұзақылық пен қоқысқа тыйым салынады. Орман фаунасын жою немесе бүлдіру, сондай-ақ орманды қалдықтармен, химиялық заттармен бүлдіру, ластау және орман қоры жерлеріне өзге де залал келтіргені үшін» әкімшілік айыппұл көзделген», – деді Нұржан Рахметов.
Мемлекет қорғауындағы жерге от жаққан үшін берілетін жаза:
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 336-бап «Қалдықтарды жинап қою немесе жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтамау»
- жеке тұлғаларға 20 АЕК;
- заңды тұлғаларға айыппұл санатына қарай 500 АЕК дейін.
367-бап «Ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу»
- жеке тұлғаларға - 10 АЕК;
- заңды тұлғаларға айыппұл санатына қарай 1500 АЕК дейін.
410-бап «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау» – ескерту немесе
- жеке тұлғаларға 5 АЕК;
- заңды тұлғаларға айыппұл санатына қарай 100 АЕК-ке дейін.
Табиғат аясында демалуға баратындар нені ескеруі керек?
- жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын тастауға;
- орман және дала алқаптарында от жағуға;
- шыны ыдыстарды табиғатқа алып шығып, тастап кетуге (күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғақ шөпті өртеп жіберуі мүмкін);
- елді мекендердің аумағынан жанатын қоқыстарды шығаруға болмайды;
- құрғақ өсімдіктерден тазарту;
- минералдандырылған жолақтарды қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жүргізу;
- өрт туралы тұтанған жағдайда 101, 112 нөмірлеріне дереу хабар беру керек.