Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында аяғы ауыр әйел өзіне қол жұмсады

Екі баланың анасы 7 ай мерзімінде жүкті болған

 Дастан Жұмабекұлы 20.07.2022 | 10:29
Түркістан облысында аяғы ауыр әйел өзіне қол жұмсады
Көрнекі фото

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, оқиға Түркістан облысының Келес ауданында болған. 25 жастағы 2 баланың анасы 7 ай мерзімінде жүкті болған. Әйелдің өзіне қол жұмсау себебі әзірге белгісіз. Полиция мәйіттің бойынан зорлық-зомбылық белгілері байқалмағанын айтты. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қоғам белсенділері әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кесірінен мұндай қадамға барды деп болжап отыр.

Аталған факт суицидке жеткізу бабы бойынша тергеліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама