Елорда мен Алматыда коронавирус жұқтырған тұрғындардың саны күрт өсті
Бүгінде 10 мыңнан аса науқас аурудан емделіп жатыр
Қазақстанда бір күнде 2 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте СOVID-19 жұқтырудың 1959 дерегі тіркелді:
- Нұр-Сұлтанда – 586,
- Алматыда – 597,
- Шымкентте – 105,
- Ақмола облысында – 26,
- Ақтөбе облысында – 21,
- Алматы облысында – 67,
- Жетісу облысында – 64,
- Атырау облысында – 36,
- Шығыс Қазақстан облысында – 19,
- Абай облысында – 27,
- Жамбыл облысында – 57,
- Батыс Қазақстан облысында – 34,
- Қарағанды облысында – 160,
- Ұлытау облысында – 26,
- Қостанай облысында – 22,
- Қызылорда облысында – 44,
- Маңғыстау облысында – 21,
- Павлодар облысында – 15,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 16,
- Түркістан облысында – 16.
Осылайша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1 321 453 адамға жетті.
Сондай-ақ 726 адам СOVID-19-дан айықты:
- Нұр-Сұлтанда – 148,
- Алматыда – 457,
- Алматы облысында – 49,
- Жетісу облысында – 2,
- Атырау облысында – 11,
- Шығыс Қазақстан облысында – 9,
- Жамбыл облысында – 21,
- Қарағанды облысында – 10,
- Қостанай облысында – 4,
- Қызылорда облысында – 9,
- Павлодар облысында – 5,
- Түркістан облысында – 1.
Жалпы Қазақстанда 1 296 923 адам коронавирустан емделіп, сауығып шықты.
20 шілдедегі мәлімет бойынша 10 983 адам коронавирустан емделіп жатыр.
Оның ішінде 977 пациент стационарда, 10 006 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 18 адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, кеше елімізде 1400-ден аса адам коронавирус жұқтырған болатын.