«Тамақ ішіп алайық!»: Теміртаулық дәрігерлер қансыраған науқасты қабылдамай қойған (ВИДЕО)
Ар-ұждан, ұят жоқ...
Қоғам белсендісі Мұрат Әбенов Facebook желісіне Теміртау ауруханасындағы келеңсіз жағдайдың видеосын жариялады.
Видео авторы досы қолын кесіп алған соң дәрігерлерге әкелген.
«Қолды тігу керек болды, ал дәрігерлер: «күте тұрыңыз, түскі ас уақыты» деді. Бұл біздің қаланың дәрігерлері. Ар-ұждан, ұят жоқ», – дейді камера ұстаған азамат.
Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты пікір білдірген. Олар бұл оқиға биылғы 23 маусымда Теміртаудағы жекеменшік («МЦ «Будь здоров» ЖШС) емханалардың бірінде болғанын мәлімдеді.
«Науқастарды қабылдау кестесіне сәйкес емхана хирургы сағат 14.00-ден бастап жұмысын бастайды. Науқас өзі жоқ кезде шұғыл медициналық көмекке жүгінген. Жедел медициналық көмек уақтылы көрсетілмегендіктен, медбике сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Емхананың дәрігерлік кеңесінде жағдай жан-жақты зерттелді.Тиісті ұйымдастырушылық және басқарушылық қорытындылар жасалады» деп жазылған ресми хабарламада.