Halyq Uni логотип
×

Биылғы тамызда қазақстандықтар 9 күн демалады

Конституция күні сейсенбіге түсіп тұр

 Еркеғали Болатұлы 19.07.2022 | 17:48
Биылғы тамызда қазақстандықтар 9 күн демалады
фото: ашық дереккөз

Биыл тамыз айында аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 9 күн демалады. Бұл туралы egov.kz порталына жарияланды.

Мысалы, 30 тамыз – Конституция күні. Бұл дата биыл сейсенбіге түсіп тұр. Осыған байланысты аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін сенбі, 27 тамыз жұмыс күні болады. Дегенмен азаматтарға 28, 29, 30 тамызда қатарынан 3 күн демалыс берілмек.

Осылайша, аптасына 5 күн жұмыс істейтін тұрғындар тамызда 22 күн жұмыс істеп, 9 күн демалады.

Ал аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер үшін тамызда 26 жұмыс күні мен 5 демалыс күн бар.

Еске сала кетсек, бұған дейін шілде айында аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтардың 11 күн демалатынын жазған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама