Halyq Uni логотип
×

Пышақ пен мылтық қолданылған: топтық төбелестен 1 адам көз жұмды

Оқ тиген 1989 жылғы тұрғын жансақтау бөлімінде жатыр

 Еркеғали Болатұлы 19.07.2022 | 17:18
Пышақ пен мылтық қолданылған: топтық төбелестен 1 адам көз жұмды
фото: ашық дереккөз

Алматы облысына қарасты Талғар ауданында жергілікті тұрғындар арасында қарулы қақтығыс болып, бір адам көз жұмды.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға кеше Талғар ауданында болып, ауылдың 8 тұрғыны жиналған. Соның салдарынан екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. 1988 жылы туған ер адам пышақ жарақатынан ауруханада қайтыс болды. Ал оқ тиген 1989 жылғы тұрғын жансақтау бөлімінде жатыр.

Желіде жарияланған ақпарат авторы екі ер адамның арасында бұрыннан бері келіспеушілік болғанын жазған.

Қазір оқиғаның барлық қатысушысы анықталып, ұсталды. Негізгі күдіктілер қамауға алынды.

«Аталған дерек бойынша ҚК 106-бабының 3-бөлігі («Абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру іс-әрекеттері») және ҚК 293-бабының 3-бөлігі («Атыс қаруын, газды қаруды, пышақты, кастеттi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып жасалған бұзақылық іс-әрекеттер») бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама