×

«Жыл сайын азайып барады». Экология министрі суды үнемдеуге шақырды

Ол трансшекаралық өзендердегі судың көлемін көбейту бойынша күрделі келіссөздер жүргізілетінін атап өтті

 Дәурен Ерболат 19.07.2022 | 15:30
Фото: inform.kz

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев қазақстандықтардықтарды суды үнемдеуге шақырды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Жыл сайын су азайып барады. Ол көбеймейді. Сондықтан суды үнемдеу керек. Мысалы, суармалы жерлерді алайық. Оның көлемін арттырсақ, су үнемдеу технологиясын енгізу керек, - деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Осыған байланысты Серікқали Брекешев тұрғындарға суды үнемдеуге кеңес берді. Сондай-ақ трансшекаралық өзендердегі судың көлемін көбейту үшін көрші елдермен келіссөз жүргізіп жатқанын жеткізді.

Нәтижесінде бұл мемлекеттермен келісімшарттарға қол қойылды. Мысалы, биыл Қырғызстандағы Шу, Талас өзендерінен келетін судың көліміне байланысты екі жақты хаттамаға қол қойылды. Қырғызстанмен тауар алмасу шеңберінде біз оларға электр энергиясын, ал олар бізге су жіберетін болды. Бұл диқандарға керек. Осылайша, қосымша 330 млн текше метр суды жіберу бойынша екі жақты келісімге қол қойдық, - деді ол.

Сондай-ақ министр Тәжікстаннан да қосымша су алынатынын айтты.

«Бахри Точик су қоймасынан (Қазақстанға) қосымша 84 млн текше метр су жіберу бойынша хаттамаға қол қойдық. Нәтижесінде Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсетеді, олар бізге қосымша су жіберетін болып келістік», - деді Серікқали Брекешев.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда 8 жылдан кейін су тапшылығы болуы мүмкін екені хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама