×

Президенттің сөгісінен кейін демалысқа шықпайтын болдым – Брекешев

Ведомство басшысы 2 апта демалғысы келген

 Дәурен Ерболат 19.07.2022 | 14:30
фото: ОКҚ

Мемлекет басшысының сөгісінен кейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев еңбек демалысына шықпайтынын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Еңбек демалысына шықпайтын болдым. Бірақ ондай жоспар болды. Қазір жұмыс істеуіміз керек. Сондықтан еңбек демалысынан бас тарттым. Жоспарға сәйкес 2 апта демалуым керек болған. Бірақ мұны (демалысқа шығуды, – автор) келесі жылы қарастырамын, - деді Серікқали Брекешев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, бұған дейін ол Қазақстандағы 80 мың киік атылмайтынын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама