Әзірге мыңға жуығы ғана азаматтық алды
Қазақстанда соңғы 2 жылда 9 мыңға жуық азаматтығы жоқ адам анықталды. Оларды анықтау жұмыстары халықаралық құжаттама науқаны аясында жүргізілген.
ҮЕҰ, Көші-қон қызметі және Әділет министрлігі өңірлердегі азаматтығы жоқ адамдарды анықтау үшін бірлесіп жұмыс істеді. Соның нәтижесінде 500-ден аса адам азаматтық алып, кейін тағы 490-ы құжаттарын рәсімдеген.
Айта кетсек, қазір тиісті мекемелер еліміздің БҰҰ-ның азаматтығы жоқтар жөніндегі конвенцияларына қосылуы бойынша шетелдік әріптестермен келіссөздерді жалғастырып жатыр.