Буаз биені джиппен басып өлтірген күдікті жауапкершіліктен оңай құтылды

Еркеғали Болатұлы

Көлік жүргізушісіне бұдан былай шағым жоқ

фото: видеодан скриншот

Алматы облысында жылқыны көлікпен әдейі басқан жүргізушіге қатысты оқиға тараптардың татуласуымен аяқталған.

Іле ауданы Междуреченск ауылының 38 жастағы тұрғыны зардап шеккен жылқының иесіне келтірілген шығынды толығымен өтеген. Сондықтан оған қатысты іс тоқтатылатын болды.

Жылқыны басып кеткен көлік жүргізушісіне бұдан былай шағым жоқ, – деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, кеше ер адамның жол талғамайтын көлікпен жылқыны қасақана басып жатқан видеосы тараған еді. Жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы («Жануарларға қатыгездiк жасау») дерегі бойынша іс қозғалған болатын.