×

«Елде 2 миллионнан астам азамат жұмыссыз». Сенатор үкімет берген статистикаға күмән келтірді

Мұрат Бақтиярұлы жұмыссыздық пен кедейлікке қатысты статистика шынайы емес деп есептейді

 Ербол Тұрымбет 27.01.2022 | 11:12
коллаж: Halyq Uni

Бүгін сенат отырысында депутат Мұрат Бақтиярұлы елдегі жұмыссыздық пен кедейлікке қатысты статистиканың шынайылығына күмән келтірді. Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар мен үкімет жұмыссыздық пен кедейшілік деңгейін үнемі төмен көрсетумен келеді.

2021 жылы үкімет елде 450 мың адам жұмыссыз деп көрсетсе, кедейшілік деңгейі 4,5%-дан аспайды деген ресми ақпарат берді. Осы шындыққа сәйкес келе ме? Біздің есебіміз бойынша, қазір елімізде 2 миллионнан астам азамат екі қолға бір күрек таппай жүр. Елдегі осы кезге дейінгі кедейлік деңгейін анықтауда қолданып келе жатқан қазақстандық тәсіл кедейлікті төмендетіп көрсетіп келеді. Кедейлік шегін өлшейтін әлемдік стандарттарға шығуға бізге не кедергі болып отыр?, - деді депутат.  

Оның сөзінше, деректерге сүйенсек, Қазақстанда ең кедей отбастарында тұрып жатқан балалар саны 1 миллионға жуықтайды. Сондықтан олардың келешегі тұман сияқты бұлыңғыр, яғни жоғалып бара жатқан ұрпақ деп айтуға болады.

«Қазір үкімет кедейшілікпен күресудің жаңа жүйесін жасау керек. Келешекте жалған статистикадан толыққанды арылу қажет. Тәтті өтіріктен ащы шындық анағұрлым жақсы», - деді сенатор.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама