Halyq Uni логотип
×

Ақтау тұрғыны көзінде шынының сынығы барын тек 25 жылдан кейін білген

Науқас 1997 жылы жол апатына ұшыраған екен

 Қанат Атаманов 19.07.2022 | 07:30
Ақтау тұрғыны көзінде шынының сынығы барын тек 25 жылдан кейін білген
Фото: tengrinews.kz

Әйелдің көзінің астында 1997 жылдан бері әйнек сынығы жүрген. Белгілі болғандай, ол жол апатынан кейін қалып қойған.

Науқас 25 жыл бұрын жол апатына ұшыраған екен. Салдарынан бірнеше күн ес-түссіз жатқан. Кейін есін жиған қыздың бетінде үлкен тыртық қалып, көзі өзгеріске ұшырапты. Науқастың айтуынша, көзі жиі ауырып, үнемі жасы аға берген. Дәрігерлерге жиі барып, түрлі мамандарға жүгінсе де, ешқандай нәтиже бермеген, - дейді клиника қызметкері.

25 жылдан кейін Ақтаудағы жеке клиникалардың бірінің мамандары науқастың көзінің астынан көлемі 5 миллиметр болатын шыны сынығын тапты.

Сәтті өткен ота барысында әйнек қауіпсіз түрде шығарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама