Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында әйел өз үйінде асылып қалды

Полицейлер мәйітті қарау барысында ешқандай зорлық белгілерін анықтаған жоқ

 Қанат Атаманов 18.07.2022 | 21:30
Түркістан облысында әйел өз үйінде асылып қалды
Фото: ашық дереккөздерден

Түркістан облысындағы Келес ауданының тұрғыны өзіне қол жұмсады. Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 16 шілде күні болған.

Келес аудандық Полиция бөліміне жедел жәрдем қызметі хабарласып, жас әйелдің өзінің тұрғын үйінің ауласында жіпке асылып, қайтыс болғанын мәлім еткен.

Аталған жайт сол күні Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, қазір  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сот-медицина сараптамасы тағайындалды. Полицейлер мәйітті қарау барысында ешқандай зорлық белгілерін анықтаған жоқ, – дейді департаменттің баспасөз хатшысы Гүлнар Әбдіжаппарова.

Гүлнар Әбдірахманқызының айтуынша, аудандық Полиция бөлімінің басшылығы қайтыс болған әйелдің жақындарымен кездесіп, заң аясындағы жұмыстардың жүргізіліп жатқанын және қосымша арыз-шағымдары болса назарға алынатынын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама