Алматылық жерде жатқан буаз биені джиппен әдейі басып өтті (ВИДЕО)
Куәгерлердің айқайынан кейін ғана ер адам бұл әрекетін тоқтатқан
Бұл оқиға Алматы облысы, Іле ауданындағы Междуреченск ауылында болған.
Әлеуметтік желіде ер адамның жануарға қатысты жасаған зорлық-зомбылық сәті түсірілген видео тарады. Елді дүрліктірген видеодан Land Cruiser жол талғамайтын көліктің жерде жатқан атты басқан сәтін көруге болады. Кейін жүргізуші газ педалін басып, жылқыны толығымен басып кетуге тырысады. Куәгерлердің айқайынан кейін ғана ер адам бұл әрекетін тоқтатқан.
Автордың жазуынша, аяусыз жайттан кейін буаз бие сол жерде өлген.
Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 38 жастағы ауыл тұрғыны ауылдастарымен сөзге келіп қалған. Ер адам өзінің бұл әрекетін бақшасында жайылып жүрген 20-ға жуық жылқыны шығаруға тырысқанымен түсіндірді.
Мән-жайды анықтау кезінде 38 жастағы тұрғыны отырғаны анықталды. Ер адам ұсталып, аудандық полицияға жеткізілді. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 316-бабы («Жануарларға қатыгездік көрсету») бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Құзырлы орган ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалғанын атап өтті.