Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында жол апатынан 1 адам көз жұмып, 3 адам зардап шекті

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 18.07.2022 | 16:47
Ақмола облысында жол апатынан 1 адам көз жұмып, 3 адам зардап шекті
Фото: polisia.kz

«Нұр-Сұлтан–Петропавл» тас жолында екі көлік соқтығысып, 1 адам қаза тапты, – деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

17 шілдеде Зеренді ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Нұр-Сұлтан-Петропавл автожолында Молодежное ауылының бұрылысының жанында ЖКО болғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

«Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолының 180 шақырымында Көкшетау қаласының 35 жастағы тұрғыны Mitsubishi Montero автокөлігінің жүргізушісі Көкшетау бағытында жүріп келе жатып алдында тоқтап тұрған Hуundai Elantra автокөлігімен соқтығысуды болдырмау үшін, Молодежное ауылына бұрылу алдында жаяу жүргіншілер өткелінен оңға бұрылып, рөлге ие бола алмай, жол бойында орналасқан аялдамаға соғылған, – делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Көкшетау қаласының 42 жастағы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды. Ақмола облыстық ауруханасына түрлі жарақаттармен автокөлік жүргізушісі мен жолаушы – Көкшетау қаласының 35 жастағы тұрғыны, облыстық балалар ауруханасына 6 жастағы жолаушы жеткізілді.

ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама