«Қауіп төндіреді». Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады
Қаруды өз еркімен тапсырғандар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады
Қаңтар оқиғасында ұрланған қарудың 2 мыңнан аса бірлігі әлі қылмыскерлердің қолында жүр. Бұл туралы Бас прокуратура бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.
Оның айтуынша, ұрланған атыс қаруларын анықтау жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Бірақ нәтиже көңілден шықпай отыр.
Жалпы Қазақстан бойынша құқық қорғау органдары қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 846-дан аса ойық және тегіс ұңғылы қаруды тапты. Ұрланған қарудың 2 мыңнан аса бірлігі әлі қылмыскерлердің қолында. Бұл қауіп төндіретінін атап өткен жөн. Осыған байланысты заңсыз сақталған қаруларды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Бірақ олардың әрекетінде қылмыс құрамы болмауы керек, - деді Бас прокуратура өкілі.
Айта кетейік, осыған дейін Ішкі істер министрлігі 30 гранатомет қылмыскерлердің қолында екенін хабарлаған еді.