×

Ақтауда Хабиб үшін полицейді итеріп жіберген адам белгілі болды

Ол Атырау облыстық самбо федерациясының президенті Арман Тоғаев болып шықты

 Дастан Жұмабекұлы 18.07.2022 | 14:49
фото: видеодан кадр

Ақтауда UFC-дің экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедов үшін полицейді итеріп жіберген адамның есімі белгілі болды. Ол Атырау облыстық самбо федерациясының президенті Арман Тоғаев болып шықты.

Арман – Атыраудың тумасы. Ол бұрын екі мәрте қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Арман Тоғаев Арман Жұмагелдиевтің («Дикий Арман») Батыс Қазақстандағы «оң қолы» саналады. «Екеуінің басын біріктіріп тұрған сәләфизм идеологиясы», –  деген дерек бар.

Ақтау қаласында арасында Хабиб Нурмагомбедов бар бас мүфти бастаған кіші қажылық жасаушы топты Арман Тоғаев қарсы алғанда ол полицейді итеріп жіберген еді. Осы оқиға әлеуметтік желіде таралғанда жергілікті адамдардың тәртіп сақшысын Путинді қолдайтын ресейлік азамат үшін итеріп жібергені сынға ұшыраған болатын.

Sports.kz порталының хабарлауынша, Хабиб Нурмагомбедов үшін полицейді итеріп жіберген адам қамауға алынды. Сондай-ақ Ақтауда «Naiza 41 х Eagle 48» халықаралық турнирін ұйымдастырушылар 10 күнге қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама