Қамаудағы Мейіржан Төребаев желі арқылы қайырымдылық жасап отыр
Instagram-дағы парақшасында науқас баланың еміне ақша жинап, челлендж ұйымдастырды
Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрып, алаяқтық бабы бойынша қамауға алынған белгілі вайнер Мейіржан Төребаев өзінің қазіргі жағдайына қарамай, қайырымдылық жасап отыр.
Бір қызығы, тар қапаста жатқан ол Instagram-дағы парақшасы арқылы науқас баланың еміне ақша жинап, челлендж ұйымдастырды.
Айтуынша, Рамир есімді бүлдіршін қазір жұлын бұлшықет атрофиясы сирек кездесетін дертімен ауырады. Бұл дерт соңғы жылдары балалар арасында жиі кездеседі. Оның емі – әлемдегі ең қымбат Zolgensma препараты. Бүлдіршіннің ата-анасы осы уақытқа дейін 248 млн теңгеден аса қаражат жинаған. Енді 700 млн теңгеден аса ақша қажет екен.
«Бейжай қарамай, қатысқандарыңыз үшін рахмет. Алла сіздерге, отбасыларыңызға мықты денсаулық берсін» деп жазды Мейіржан Төребаев.