Жетісу облысында тұрғындар судан жаппай уланып жатыр ма?

Дәурен Ерболат

Зерттеу нәтижесінде су көрсеткішінің санитарлық талапқа сәйкес келетіні анықталған

 

Фото: khabarovsk.md

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Сарқан ауданында тұрғындардың жаппай судан улану дерегі шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.

Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы коммуналдық объектілерді бақылау және қадағалау бөлімі микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге судың мониторингін тұрақты негізде жүргізетінін атап өтті.

Соңғы зерттеулердің нәтижелері бойынша судың микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштері санитариялық нормаға сәйкес келеді. Сонымен қатар тұрғындар аудандық ауруханаға улану туралы шағымдарымен жүгінбегендерін хабарлаймыз, - деп жазылған хабарламада.

Осыған байланысты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қазақстандықтар фейк ақпаратқа сенбеуге, тек ресми дереккөздерден сенімді ақпаратты оқуға кеңес береді. Сондай-ақ көрінеу жалған ақпарат таратқандар Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.