Halyq Uni логотип
×

Қарағандыда далаға тасталған шақалақ туралы тың деректер шықты

Оқиғаға жанама қатысы бар адамдар жағдайдың шын мәнінде қалай болғанын айтып берді

 Халық үні 17.07.2022 | 16:35
Қарағандыда далаға тасталған шақалақ туралы тың деректер шықты
Фото: ашық дереккөздерден

Қорап, орындық және кездейсоқ адамдардың бала тауып алуы ойдан құрастырылған болып шықты. Нәрестені ауруханаға алып келген қыз жаңа босанған ананың құрбысы екен. Олар баладан құтылу үшін, дәрігерлер мен полицейлердің артық сұрақтарына тап болмау үшін баланы қорап ішінен тауып алғандары туралы оқиғаны алдын ала жоспарлап алған.

23 жастағы жүкті әйел құрбысына қонаққа келген. Оның күйеуі жоқ, жоспарсыз жүкті болып қалған. Сол пәтерде әйел мерзімінен бұрын туып қалған. Олар препараттар қолданып, әдейі ерте туды ма, әлде шынымен де толғақ қысты ма — ол жағы белгісіз, — дейді мәселенің ақ-қарасын айтқан куәгер.

Құрбысы оның тууына көмектескен. Кіндігіп кесіп, баланы ауруханаға алып барады. Сол жерде нәрестені даладан тауып алғанын айтқан.

Шақалақ әрең демін алып жатты, жағдайы ауыр еді. Ал анасы бұл уақытта пәтерде қалған, — дейді куәгер.

Полицейлер жауап алу кезінде оқиғаның ақ-қарасын анықтап, қылмыстық іс қозғады. Ал жаңа босанған әйелдің жақын құрбылары оның жас қыз екенін алға тартып, қатаң жазаламауларын сұрап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама