Алматының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Иран Шаметеков келді
Алматыда конкурстық комиссияның шешімімен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды.
Қала әкімдігі хабарлағандай, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Иран Шаметеков келді.
Иран Шаметеков 2000 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. 2000-2001 жылдары Батыс Қазақстан медицина академиясында «Хирургия» мамандығымен интернатурадан өтті. 2006 жылы Д.А. Қонаев университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады. Философия және қоғамдық денсаулық сақтау докторы ғылыми атағы бар. Әр жылдары Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының бастығы, Нұр-Сұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары болып еңбек етті. Жамбыл облысы бойынша комитет департаментін басқарды. Соңғы еңбек еткен орны – елордадағы №3 көпбейінді балалар ауруханасында бас дәрігер.