«Өте қауіпті». Қостанай облыстық психиатриялық диспансерден екі науқас қашып кетті
Ақпаратты Қостанай облысының ПД баспасөз қызметі растады
16 шілде күні кешке Қостанай облысы тұрғындарының WhatsApp желісінде Тобыл қаласындағы психиатриялық ауруханадан шизофрениямен ауыратын екі науқастың қашып кеткені туралы хабарлама тарады. Онда науқастар "өте қауіпті" екені айтылып, жүргізушілерге кездейсоқ жолаушыларды алмау туралы ескертілген.
Кеше сағат 8-дер шамасында полицияның кезекші бөліміне Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығынан екі науқастың рұқсатсыз шығып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Осы дерек бойынша барлық полиция жасақтары жұмс істеді. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде бүгін сағат 09.00-де Қостанай облысының Жамбыл ауылында науқастар өзеннің жағасында отырған жерінен табылды, - деді ведомстводан.
Полиция қашып кеткен науқастардың ешқандай қауіп төндірмейтінін атап өтті.
"Облыс тұрғындарының WhatsApp желісінде екі науқастың қауіпті екені айтылған, бірақ бұл ақпарат жалған", - деді полицейлер.