Әрқайсысының салмағы 2 келіден астам, бойы – 47,48,49 см
Павлодар қаласының тұрғыны Айгүлім Қабиденова облыстық перинаталдық орталықта үш сәбиді дүниеге әкелді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Қыздардың есімі – Амина, Карима, ұлдың аты – Әлімжан. Әрқайсысының салмағы 2 келіден астам, бойы – 47,48,49 см.
Әрине, барлығы Алланың қалауымен болады ғой. Бұл - Алланың бізге берген теңдессіз сыйы. Сәбилердің дені сау, аман болсын. Келініміз үлкен батылдық танытты. Жүктілік кезінде де көңілімізді тауып, жағдайымызды жасап, үйдің берекесін келтіріп жүрді. Балалар айы-күні толық жетіп дүниеге келді. Қуанышымызда шек жоқ, - дейді шақалақтардың әжесі Ағайша Шәріпова.