Қазақстанда ер адамдар әйелдерге қарағанда 5 есе көп суицид жасайды
Қазақстан суицид деңгейі ең жоғары 20 елдің қатарына тұрақты түрде кіреді
Ranking.kz сайтының мәліметінше, еліміздегі БАҚ пен саясаткерлердің назары негізінен жасөспірімдер арасындағы суицидті талқылауға бағытталған. Бұл өте өзекті тақырып, алайда былтыр суицид жасағандардың тек 4 пайызы 18 жасқа дейінгілер.
Өз-өзіне қол жұмсайтындардың басы бөлігі ересектер, әсіресе ер адамдар. Мәселен 18-75 жастағы адамдарды алатын болсақ, елімізде жасалған барлық суицидтің 76 пайызы осы ер адамдарға тиесілі.
Құқықтық статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2021 жылы адамдарды суицидке итермелеген екі үлкен факторлар болған. Ол жалғыздық (27 пайыз) және қаржылық қиындықтар, яғни банкрот пен қарыздар (28 пайыз) болды.
Еліміздегі суицид деңгейіне еңбек және қаржы факторларының әсері бар. Мысалы 2021 жылғы зерттеу жұмыссыздық ерлерге де, әйелдерге де қатты әсер ететін көрсетті.
Қазақстанда ер адамдар 35-54 жас аралығында өз-өзіне қол жұмсауға бейім. 2015 жылдан 2021 жылға дейін дәл осы жастағы еркектер мен әйелдер барлық суицидтердің үштен бірін жасаған.