Бұл ереже еліміздің Конституциясында, Азаматтық кодексте және өзге де заңнамалық актілерде бар
Әділет министрлігі қазақстандықтардың мүлкін мемлекет қажеттілігі үшін алу заңдылығын түсіндірді.
Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін (ҚР Конституциясының 26-бабының 3-тармағы), - деп мәлімдеді министрліктен.
Ведомствоның атап өтуінше, бұл ереже еліміздің Конституциясында, Азаматтық кодексте және өзге де заңнамалық актілерде бар.
«Өз кезегінде Мемлекет басшысы ұсынған жер халықтың меншігі туралы ереже Қазақстан халқының іргелі және конституциялық құқықтарын күшейтуге бағытталған маңызды қадам саналады және қалай болғанда да жеке меншік институтына қатысы жоқ», - деп атап өтті Әділет министрлігі.