Алматы облысында суға батып кеткен ер адам үш тәуліктен кейін табылды

Қанат Атаманов

Талғар өзені маңынан үш күн іздеу нәтижесінде 44 жастағы ер адам өлі табылды

Фото: tengrinews.kz

13 шілдеде Талғар ауданындағы шомылуға арналмаған жерден 1978 жылы туған ер адамды өзен ағысы алып кеткен болатын. Үш күн бойы іздеу жұмыстары жүргізілген.

Ер адамның денесі 16 шілдеде сағат 16.05-те оқиға орнынан екі шақырым жерден табылды. Іздестіру жұмыстарына Алматы облысы ТЖД, республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, ер адамның туыстары, еріктілер мен жергілікті қорық қызметкерлері жұмылдырылды, - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Ер адамды іздеуге барлығы 50-ден астам адам қатысқан.