Ел олимпиадашылары Қытайдағы қысқы ойындарға 27 қаңтарда ұшып кетеді
Қазір Олимпиада алдындағы соңғы күндерді дұрыс ұйымдастыру аса маңызды. Қазақстандық атлеттер жабық карантин аймақтарында орналасқан. Бейжің-2022 ұйымдастыру комитеті мен Халықаралық олимпиада комитеті ойынға қатысушылардың денсаулығын сақтау үшін қатаң шаралар қолданып жатыр.
Спортшыларға күнделікті жүріс-тұрысын енгізіп отыратын «плейбук» шығарылды. Команданың негізгі бөлігі Нұр-Сұлтан және Алматы арқылы чартерлік рейспен Қытайға ұшады. Ал шетелде жиында жүрген спортшылар жеке кесте бойынша Бейжіңге барады.
Қысқы Олимпиада ойындары 4 ақпанда басталады. Барлығы 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады.