×

Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан 8 адам мерт болды

Оқиға 16 шілде күні сағат 3.20 шамасында Қарағанды облысы, Шет ауданындағы "Алматы -Екатеринбург" тас жолында болған

 Халық үні 16.07.2022 | 11:29
Фото: ашық дереккөздерден

Тас жол бойында MAN және Mercedes Sprinter микроавтобустары соқтығысқан. Оқиға кезінде Алматыдан Қарағанды қаласына бағыт алған Mercedes Sprinter автокөлігінде 17 жолаушы болған.

Жеті адам оқиға орнында мерт болып, біреуі ауруханаға барар жолда жедел-жәрдем көлігінде көз жұмды. Сонымен қатар, әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға тоғыз адам жеткізілді.

Алдын ала болжам бойынша көлік басқарып келе жатқан Mercedes Sprinter автокөлігінің жүргізушісі ұйықтап кеткен. Аталған дерек тіркеуге алынып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады, — деді Қарағанды облыстық Полиция департаментіндегілер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама