Полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр
Жаңа туған нәрестесін қорапқа салып, далаға тастап кеткен көкек ана ұсталды.
Сұмдық жағдай 15 шілдеде болған. 23 жастағы келіншек мерзімінен бұрын үйде босанып, шала туған баласын далаға тастап кеткен. Үйдің креберісінде қорапта жатқан нәрестені тұрғындардың бірі байқап, ауруханаға жеткізеді.
Қазір шақалақ периниталды орталықта ем қабылдап жатыр. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, көкек ана ұсталған. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Дәрігерлердің айтуынша, сәби өмірінің бірінші күні және ол екі сағат бұрын үйде дүниеге келген. Бала шала туылған, жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта бала перинаталдық орталықта дәрігерлердің бақылауында, — деді ПД баспасөз қызметіндегілер.