Алматыда жолда төбелес болып, екі адам соққыға жығылды
Жәбірленушілердің туыстары шабуыл жасағандар жазадан құтылып кетуі мүмкін екенін айтты
Алматыда кішігірім жол апатына түскен екі ер адам соққыға жығылды. Енді жәбірленушілердің туыстары шабуыл жасағандар жазадан құтылып кетуі мүмкін екенін айтып, соған алаңдап отыр.
«Астана» телеарнасының хабарлауынша, төбелес Бөкейханов көшесінде болған.
Оның видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Кадрда көліктің Daewoo Matiz-дің жолын кесіп өткені көрсетілген. Содан кейін жанжал басталып, соңы төбелеске айналған. Соның салдарынан екі ер адам ауруханаға жеткізілді. Олар ауыр жараланған.
Жәбірленушілердің бірінің анасы жақын жерде куәгерлер болмаса, оларды өлтіруі мүмкін екенін айтты.
Ми шайқалған, бассүйек жарақаты, соққы тиген жерлері қатты көгерген, баламның иығы соғылған, тістері сынған. Мен бәрін түсінемін, жолда бәрі болуы мүмкін. Жүргізушілер бір-бірін кесіп, соқтығысып, балағаттап жатады. Оқиға түнде болса, куәгерлер де болмаушы еді, оларды сол жерде өлтіріп кетуші еді, — деді жәбірленушінің анасы Елена Картавых.
Полиция шабуыл жасағандардың аты-жөні анықталғанын хабарлады. «Бұзақылық» бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыскерлер екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қазір жәбірленушілердің алған жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар, істің объектив мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Алайда соққыға жығылғандардың туыстары полицейлермен келіспейтінін айтуда. Олар жазаны қайта қарастыру керек дейді.