Halyq Uni логотип
×

Экология министрі киік санын реттеу үшін Үкіметтен ақша сұрады

Ведомство басшысы қаржы биыл бөліну керегін айтады

 Дәурен Ерболат 15.07.2022 | 17:21
Экология министрі киік санын реттеу үшін Үкіметтен ақша сұрады
Фото: primeminister.kz

Президент сынынан кейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев киік санын реттеу мәселесіне қатысты терең зерттеу жүргізілу үшін Үкіметтен ақша сұрады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, кеше бұл мәселеге қатысты ғылым және салалық қауымдастықтардың қатысуымен жиналыс өткен.

Біріншіден, терең мониторинг және тиімді басқару үшін Қазақстандағы киік популяциясын ареалын кешенді бағалау жөнінде күрделі ғылыми зерттеу жүргізу керек. Сондықтан биыл зоология институты ғылым және жоғары білім министрлігіне 2022-2024 жылдарға арналған қаржыландыру аясында зерттеулер жүргізу үшін өтінім берген еді. Өкінішке қарай бұл жоба қабылданған жоқ. Осыған байланысты Әлихан Асханұлы (премьер-министр Әлихан Смайылов), осы жылдан бастап бұл зерттеулерді ғылым және жоғары білім, қаржы министрліктерінің қаржыландыруын қарастыруды сұраймыз, - деді Серікқали Брекешев Үкімет отырысында.

Сондай-ақ ол шаруаларға өтемақы беру мәселесі қарастырылатынын айтты.

«Екіншіден, бұл зерттеулердің қорытындысына дейін ауыл шаруашылығы субъектілеріне жабайы жануарлар егіс жерлерін зиян келтіргені үшін оның ішінде залалды есептеу әдістемесін әзірлеу бойынша өтемақы мәселесін қарау керек», - деп түйіндеді сөзін министр.

Айта кетейік, осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін киік санын реттеудің басқа тәсілі қаралып жатқаны хабарланған еді.

Биыл Қазақстанда 80 мың киікті ату жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама